Щучинск қаласында жауапты тараптар жазғы маусымда балалардың демалысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады

Щучинск қаласында жауапты тараптар жазғы маусымда балалардың демалысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады

2024 жылғы 2-3 мамырда Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен балалар сауықтыру орталықтары (лагерьлер) басшыларының қатысуымен алдағы балалардың демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара аясында жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыру және жұмысқа орналастыру, олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша барлық тараптарды ведомствоаралық үйлестіру мәселелері қаралды.

Балаларды сауықтыру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тамақтан уланудың алдын алу мәселесі бойынша Комитетінің басқарма басшысы Г.Қожатова сөз сөйледі.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша 2024 жылы балалардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.