Астанада сарапшылар пестицидтерді басқару мәселелерін талқылады

Астанада сарапшылар пестицидтерді басқару мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы Ұйымының ғимаратында «Қазақстан Республикасының пестицидтерді басқару саласындағы заңнамасы: оны жетілдіру жөніндегі олқылықтар мен ұсынымдар» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысуға Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығын қоса алғанда, пестицидтермен және басқа да химиялық заттармен жұмыс істеу мәселелеріне тартылған уәкілетті мемлекеттік органдар шақырылды.

Іс-шараға қатысушылар пестицидтерді басқару саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану кезінде туындайтын мәселелерді, әсіресе оны іс жүзінде жүзеге асыру контекстінде және пестицидтер мен тұрақты органикалық ластануларды басқару саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту үшін қандай қадамдар жасалуы мүмкін екенін, соның ішінде бұзушылықтар үшін жауапкершілікті талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жойылуды қоса алғанда, өмірлік циклдің әртүрлі кезеңдерінде пестицидтерді реттеу саласындағы заңнаманы жетілдірудің басым бағыттары және қауіпті химиялық заттарды реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер жобаларының тізбесі айқындалды.