Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

2024 жылғы 24 сәуірде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде обаға қарсы станциялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің барысы туралы ZOOM режимінде скрам-кеңес өткізілді.

Скрам-кеңеске Комитеттің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен обаға қарсы күрес станцияларының басшылары қатысты.

Кеңес барысында обаға қарсы күрес станцияларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша жасалған талдамалық материалдар қарастырылып, талқыланды.

Қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау талдамалық анықтамаларды сапалы әзірлеу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.