Маңғыстау облысындағы аққулардың жаппай өлімі туралы ақпарат

Маңғыстау облысындағы аққулардың жаппай өлімі туралы ақпарат

Маңғыстау облысында Қаракөл көлінің жағалауында 2023 жылғы 21 желтоқсаннан бастап аққулардың жаппай өлімі тіркелді. Ветеринария бойынша ұлттық рефренттік орталық жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша «құс тұмауы» (H5N1 штаммы) диагнозы қойылды. 

Қазіргі уақытта өңір аумағында адамдар арасында құс тұмауы ауруы тіркелген жоқ. 

Бұл ретте, құстардан анықталған құс тұмауының вирусы адамнан адамға берілмейтінін атап өткен жөн. Алайда, ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымында, егер сіз осы ұсынымдарды орындамасаңыз, бұл вирустың халық арасында таралу қаупі бар:

- инфекция ошақтарына (аққулар өлген жерге) барудан бас тарту;

- бетперде тағу, қолды мұқият жуу және антисептик құралмен өңдеу;

- жұқтырған тірі (немесе өлі) құспен байланысқа түспеу (қауіп факторлары жұқтырған құстың өлекселерін сою, жүнін жұлу және өңдеу);

- алғашқы белгілері пайда болғанда өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгіну, дәрігерді үйге шақырту қажет.