Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №6 қаулысы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №6 қаулысы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «2023-2024 жж. эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №6 қаулысына қол қойылды.

Қаулы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейді, оның ішінде:

ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізу;

медициналық ұйымдарда кіре берісте «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;

ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету;

мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;

Орта білім беру ұйымдарында:

- бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;

- бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30% және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады.

Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.