Терінің саңырауқұлақ ауруларының алдын алу

Терінің саңырауқұлақ ауруларының алдын алу

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан туындаған жұқпалы аурулар. Сондай-ақ инфекция жұққан беткі қабаттармен немесе заттармен жанасу арқылы адамнан адамға берілетін ауру. Бассейндер, сауналар немесе киім ауыстыратын бөлмелер сияқты қоғамдық орындарда инфекция тез жұғуы мүмкін.

Инфекция қаупін:

1) жұқтырған адамның терісімен тікелей жанасу;

2) жануарлармен ойнау немесе оларға күтім жасау;

3) жұқтырған адамдардың киімдері мен аяқ киімдерін немесе тарақтар, щетка және сүлгі сияқты жеке гигиена заттарын пайдалану;

4) ауру балалардың ойыншықтарымен, әсіресе жұмсақ ойыншықтармен алмасу;

5) инфекция жұққан беткі қабаттармен жанасу;

6) көптеген адамдар пайдаланатын, әсіресе беті су немесе дымқыл болса (душ, шешінетін бөлме, гимнастикалық төсеніштер, әсіресе мектеп мекемелерінде, спорт залдарында немесе қоғамдық бассейндерде) кез келген беткі қабат тудырады.

Терінің саңырауқұлақ ауруларының алдын алу:

1. Басқа біреудің киімін, аяқ киімін киюден, сүлгілерді немесе жеке гигиена құралдарын пайдаланудан аулақ болыңыз.

2. Үнемі душ қабылдаңыз және денеңізді жақсылап сүртіңіз, терінің қатпарларына ерекше назар аударыңыз.

3. Мақтадан жасалған маталарды таңдай отырып, шұлықтарыңызды күнделікті ауыстырыңыз.

4. Педикюр жасатуға тек сенімді салондарға барыңыз, онда сіз құралдардың мұқият дезинфекцияланғанына көз жеткізе аласыз.

5. Қоғамдық душтарда, сауналарда, моншаларда және бассейндерде міндетті түрде ауыстырылатын аяқ киім киіп жүріңіз.

6. Дүкенде аяқ киімді өлшеу үшін әрқашан шұлық немесе гольф киіңіз.

7. Үй жануарларының денсаулығына ветеринариялық бақылау жүргізу.

Өте маңызды! Дәрігерге мүмкіндігінше ертерек бару керек. Әйтпесе, күрделі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін, бұл терапияны қиындатуы ықтимал. Өзін-өзі емдеуге қатаң тыйым салынады! Бұл терінің ғана емес, бүкіл ағзаның жай-күйінің нашарлауына әкелуі мүмкін.