
Топырақты қорғау адамның санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.
Топырақтың санитариялық жағдайы оның эпидемиялық және гигиеналық тұрғыдағы сапасы мен қауіпсіздік дәрежесін анықтайды.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI Кодексіне сәйкес Павлодар облысында қоршаған ортаның жай-күйі мен адам денсаулығы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау үшін топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі жүргізіледі.
Жылы мезгілде жаппай демалуға, шомылуға, туризммен және спортпен шұғылдануға арналған орындарға көп көңіл бөлінеді. Топырақ мониторингі барысында микробиологиялық, паразитологиялық көрсеткіштерді, ауыр металдардың тұздарын анықтау жүргізіледі.
2023 жылдың 7 айында өңірдегі рекреация орындарынан микробиологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге, сондай-ақ ауыр металдар тұздарының құрамына 411 топырақ сынамасы зертханалық түрде зерттелді. Зерттеу көрсеткіштері гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.