Медициналық ұйымдардың қызметін бақылау мәселелері талқыланды

Медициналық ұйымдардың қызметін бақылау мәселелері талқыланды

29-30 маусымда Алматы қаласында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті медициналық ұйымдардың қызметін бақылау мәселелері бойынша екі күндік семинар өткізді.

Семинар жұмысына облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар дезинфекциялық және зарарсыздандыру режимін сақтау, медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және кәдеге жарату, инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

Бұдан басқа, «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының, алдын ала және мерзімді медициналық қарап-тексерулер жүргізу қағидаларының жобалары талқыланды.

Сондай-ақ ДДҰ-ның медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру мәселелері жөніндегі ұсынымы шеңберінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың қызметін бақылау мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.