«Таза парақтан» жаңа реттеушілік саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі құрылған жұмыс тобы шеңберінде міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру және «Қоғамдық тамақтану» саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды қамтитын реттеушілік актілердің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 83-1-бабына сәйкес олардың қалыптастырудың базалық шарттарына сәйкестігін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізді.
Қайта қарау барысында жұмыс топтарының мүшелері (салалық сарапшылар) Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, оның ішінде санитариялық қағидаларға талдау жасады. Салалық сарапшылар өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша, оның ішінде талаптарды оңтайландыру, қайталанатын нормаларды алып тастау, артық талаптарды алып тастау, редакциялық түзетулер бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Мәселен, Таза парақтан реттеу шеңберінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынан;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынан;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынан;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынан;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрығымен бекітілген «Көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынан;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығымен бекітілген «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынан;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынан қайталанатын нормаларды алып тастау мақсатында «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына ауыстырылды.
Осылайша, Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларда Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32368 болып тіркелген) редакциясында денсаулық сақтау объектілерінде, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар үйлерінде, балаларды сауықтыру және санаторийлік объектілерде, вагон-мейрамханаларда және борттық тамақтануға тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар көзделмеген.
Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 60 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32238 болып тіркелген), жоғарыда аталған Санитариялық қағидаларда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық қағидаларға сілтеме жасай отырып, тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар алып тасталды.