Қазақстандық делегация «Орталық Азиядағы бірыңғай денсаулық» іс-қимылының негіздемелік бағдарламасын әзірлеуге қатысты

Қазақстандық делегация «Орталық Азиядағы бірыңғай денсаулық»  іс-қимылының негіздемелік бағдарламасын әзірлеуге қатысты

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қазақстандық делегация құрамында 2023 жылғы 4-7 маусымда Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) өткен «Азық-түлік жүйелерін қорғау, Орталық Азиядағы болашақ пандемиялардың алдын алу» бірлескен коммюникесінде келісілген «Бірыңғай денсаулық» негіздемелік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі халықаралық кеңеске қатысты.

Дүниежүзілік даму банкі, ФАО, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы, БҰҰ Даму бағдарламасы және т.б. қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациялары қатысты.

Кеңестің мақсаты – пандемияға дайындықты қамтамасыз ету және жануарлардан адамға берілетін аурулардың таралуымен күресу және азық-түлік қауіпсіздігі. Іс-шараның негізгі міндеттері пандемияға дайындықты, азық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын және ауыл шаруашылығы мен сауданың бәсекеге қабілеттілігін «Бірыңғай денсаулық» тәсілі жәрдемдесе алатын жоғары деңгейдегі ортақ мақсаттар ретінде айқындау болды.

Өңірлік кеңестің маңыздылығы климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілік, жер және су ресурстарын қоса алғанда, басым мәселелердің экологиялық аспектілерін қарастыру, сондай-ақ басым міндеттерді шешу үшін елдік және өңірлік деңгейдегі кешенді іс-қимыл жоспарларын енгізу болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар осы жобаны іске асыру үшін халықаралық донорларды бөліп, тартуға тиіс болатын соңғы нәтижелерді айқындады.

Халықаралық кеңеске қатысушылар коммюникені елдердің жоғары мемлекеттік органдарына ұсыну, барлық Орталық Азия елдері үшін жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін инвестициялар тарту, сондай-ақ ТЖ кезінде бірыңғай стандарттар, алдын алу әдістемелері мен күрес шараларын әзірлеу қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Бұдан басқа, Орталық Азия елдерінің өзара байланысы мен өзара іс-қимылы бойынша бірыңғай құжат және адамдар мен жануарларға ортақ аурулар бойынша бірыңғай стандарттар әзірленетін болады.