Об опасном слабоалкогольном напитке «Мистер Сидр»

Об опасном слабоалкогольном напитке «Мистер Сидр»

«АНДИ» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық (РФ, Самара қ., Винтай к., Гаражная к-сі, 15 үй) өндірген «Мистер Сидр» деп аталатын алкоголі аз сусынды тұтынумен байланысты улану және адам өлімі жағдайлары туралы БАҚ-та таратылып жатқан ақпаратқа байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар ету және мән-жайлар анықталғанға дейін аталған өнімді сатылымнан уақытша алып тастау қажеттілігі туралы аумақтық департаменттерге тапсырма берді.   

Комитет мән-жайлар анықталғанға дейін жоғарыда аталған өнімді пайдаланудан бас тартуға және мұндай өнімді сатылымнан анықтаудың барлық жағдайлары туралы Комитетке немесе объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабарлауға шақырады.