2-санаттағы су айдындары (жағажайлар) эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер болып табылады және оларды пайдалану үшін міндетті түрде рұқсат беру құжаттарының, яғни санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының (бұдан әрі – СЭҚ) болуы талап етіледі.
СЭҚ-ны жағажайға алу үшін «Е-лицензиялау» порталы арқылы өтініш жолдау және су айдындарынан микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге суды, топырақты зертханалық зерттеу хаттамаларын ұсыну қажет.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитариялық қызмет сапаға үнемі мониторинг жүргізеді.
Бұдан басқа, жағажайларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар аккредиттелген зертханалармен/сынақ орталықтарымен немесе ведомстволық зертханалармен шарттар жасау арқылы су мен топырақтың сапасына өндірістік бақылауды ұйымдастыруға міндетті.