- Ағзадағы физиологиялық процестер ырғақтылығын ескеріп, белгілі бір сағаттарда тамақтану астың толық сіңірілуіне және асқазан-ішек ауруларының алдын алуға ықпал етеді.
- Рационның энергетикалық құндылығы баланың жасын, жынысын, интеллектуалдық және дене белсенділігін ескеретін, толық өтейтін, бірақ энергия шығынынан аспайтындай болғаны дұрыс.
- Барлық тағамдық компоненттер (ақуыздар, майлар, көмірсулар, макро және микронутриенттер) бойынша рацион құрамының теңдестірілуі және үйлесімдігі.
- Рационды қалыптастыратын тамақ өнімдерінің әртүрлілігін қамтамасыз ету.
- Рационды құрайтын тағамдардың жоғары органолептикалық және эстетикалық сапасын қамтамасыз ету, мәзірдің монотондығы мен біртектілігін болдырмау.
- Тағамдарды дайындау кезінде (асу, пісіру, буда дайындау) өнімдердің микронутриеталық сақталуын, қуыру мен фритюрде дайындауды шектеуді қамтамасыз ететін аспаздық өңдеу.
- Тағамдарды көбінесе жаңа піскен өнімдерден дайындау.
- Тамақтанудың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастырудағы ең көп таралған қателер.
- Таңғы астан бас тарту.
.2. Жартылай фабрикаттармен қоректену.
- Көмірсуға бай өнімдерді жүрек жалғап алу асы ретінде пайдалану.
- Балықты тұтыну тапшылығы.
- Көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз пайдалану.
- Құрамында энергетикалық сусындар бар кофеин тұтыну.
