Шылым шегудің алдын алу

Шылым шегудің алдын алу

Шылым шегудің зияны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Дейтұрғанмен шылымқорлардың барлығы бірдей айналасындағыларға қандай зиян келтіріп жүргенін біле бермейді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәтіметіне сүйенсек, шылымның түтінінде 4 мыңға жуық химиялық заттар бар екен. Оның 250-і денсаулыққа қауіпті болса, 50-і қатерлі ісіктің пайда болуына әсер етеді. Және мұның бәрін шылымқордың қасындағы жандардың жұтып жатқаны ақиқат. Енді бүкіл әлемде 700 млн.бала шылым түтінімен ластанған ауамен тыныс алып жүргенін елестетіп көріңізші. Балалардың мерзімінен бұрын ажал құшуының 30% шылым түтініне байланысты болады. Ендеше бұл мәселені кейінге қалдырмай, қазіргі сәттен бастап ойланып, қолға алғаныңыз жөн!