Қазақстан мен Әзербайжан санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Әзербайжан санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрліктері өкілдерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Іс-шараға Комитет төрағасы Сархат Бейсенова қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Әзербайжанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің негізгі салалық бағыттарын талқылады. Сондай-ақ мемлекеттік шекараны санитариялық қорғау және санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Комитет пен Әзербайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитариялық-карантиндік орталығы арасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.