Жаңа кезең: заманауи зертханалар және биологиялық қауіпсіздік

Жаңа кезең: заманауи зертханалар және биологиялық қауіпсіздік

2017 жылы Орталық референс-зертхана пайдалануға берілді.
Келесі маңызды оқиға 2019 жылы орын алды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы құрылды.
2024 жылы Орталық «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС болып қайта ұйымдастырылды.
Орталық аса қауіпті инфекцияларға мониторинг жүргізуді ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етеді, зертханалық диагностикамен, медициналық иммунобиологиялық препараттарды әзірлеумен, кадрлар даярлаумен айналысады, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарының республикалық коллекциясы мен депозитарийінің қызметін қамтамасыз етеді.