
Дифтерия — негізінен тамақ пен тыныс алу жолдарын зақымдайтын жедел бактериялық инфекция. Дифтерияны қоздыратын бактерия жүрекке, жүйке жүйесіне және басқа да ағзаларға зақым келтіруі мүмкін токсин бөледі.
Негізгі белгілері: тамақтың ауыруы және жыбырлап ашуы, жұтынудың қиындауы немесе ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және мойынның ісінуі, бадамша бездерде немесе тамақта пайда болатын өзіне тән тығыз сұр-ақ жабынды (қабықша), оны алу қиын. Тыныс алу жолдары зақымданған жағдайда дауыс қарлығуы және тыныс алудың қиындауы байқалуы мүмкін.
Дифтерия шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Дифтерияға күдік туындаған жағдайда, мүмкіндігінше тез арада дәрігерге жүгіну қажет.
Алдын алудың ең тиімді тәсілі — вакцинациялау және ревакцинацияны уақтылы жүргізу.