Пресс-анонс

Пресс-анонс

2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің конгресі өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, сала ардагерлері, сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттары мен медициналық жоғары оқу орындарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік әріптестер қатысады.

Пленарлық отырыс аясында сала басшылары мен өкілдерінің баяндамалары, ардагерлер мен халықаралық әріптестердің құттықтаулары, тақырыптық бейнематериалдардың көрсетілімі, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттау рәсімі өтеді.

Түстен кейін жұмыс санитариялық-эпидемиологиялық саланың өзекті мәселелеріне арналған үш тақырыптық секция аясында жалғасады. Олар М. Айқымбаевтың 110 жылдығына, Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің зертханалық желісінің 105 жылдығына, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің заманауи сын-қатерлері мен перспективаларына арналады.

Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметті одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын Конгресс қарары қабылданады.

Конгресс бағдарламасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/1056946?lang=kk

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 15 қыркүйек, 9:00–17:30

Өтетін орны: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 42, 10к, Best Western Plus Atakent Park Hotel

БАҚ өкілдерін аккредиттеу 2026 жылғы 14 қыркүйек сағат 17:30-ға дейін келесі телефон нөмірлері арқылы жүргізіледі: +7 (707) 694-30-85.