Вакциналардағы тиомерсал аутизм спектрінің бұзылыстарының дамуымен байланысты емес

Вакциналардағы тиомерсал аутизм спектрінің бұзылыстарының дамуымен байланысты емес

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2010–2025 жылдар аралығындағы жаңартылған шолуында этилсынап негізіндегі консервант – кейбір көпдозалы вакциналарда қолданылатын тиомерсал мен аутизм арасындағы ықтимал байланысқа жеке талдау жасалды.
Талдауға 18 зерттеу: 16 ғылыми зерттеу және 2 мета-талдау енгізілді.
Ең сапалы зерттеулер тиомерсалдың әсер етуі аутизм немесе нейро дамудың басқа да бұзылыстарының даму қаупін арттыратынын анықтаған жоқ. Бұл жүктілік кезіндегі әсерге, нәрестелік және балалық шақта вакцинациядан кейінгі әсерге, сондай-ақ алынған тиомерсал дозасының артуына қатысты.
Сонымен қатар, вакциналар құрамынан тиомерсалды алып тастау аутизмнің таралу деңгейінің төмендеуіне әкелмеген.
Екі мета-талдау да тиомерсал мен аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) арасында байланыс жоқ екенін анықтады.
Қорытынды: ең сенімді ғылыми деректер вакциналар құрамындағы тиомерсал аутизмді немесе нейро дамудың басқа да бұзылыстарын туындататынын растамайды.