Комитет суши мен ролдарды тұтыну кезіндегі қауіптер туралы ескертеді

Комитет суши мен ролдарды тұтыну кезіндегі қауіптер туралы ескертеді

Комитет халықты суши мен ролдарды тұтынуға байланысты ықтимал қауіптер туралы хабардар етіп, аталған өнімді таңдау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Суши мен ролдар эпидемиологиялық қаупі жоғары өнімдер қатарына жатады, себебі оларды дайындау барысында шикі, аз тұздалған немесе маринадталған балық, теңіз өнімдері және басқа да тез бұзылатын ингредиенттер пайдаланылады. Мұндай өнімдер көбіне толыққанды термиялық өңдеуден өтпейді.

Дайындау, сақтау және өткізу технологияларының бұзылуы салдарынан мұндай өнімдер тағамнан улануға, жіті ішек инфекцияларына және паразиттік ауруларға себеп болуы мүмкін.

Шығу тегі белгісіз шикізатты пайдалану, температуралық режим мен сақтау мерзімдерін сақтамау, өнімді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда дайындау, сондай-ақ оны рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, бейресми арналар арқылы өткізу ең үлкен қауіп тудырады.

Денсаулықты қорғау мақсатында суши мен ролдарды рұқсат етілмеген сауда орындарынан және кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде ресми мәртебесі жоқ тұлғалардан сатып алу ұсынылмайды.

Тұтынушылар аталған өнімді қауіпсіздік талаптарын сақтайтын, ресми түрде тіркелген қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілерінен ғана сатып алуы тиіс.

Балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және иммунитеті әлсіреген адамдарға ерекше сақтық таныту қажет, себебі сапасыз өнімді тұтыну олардың денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.

Тексерілген және сенімді мекемелерді таңдау арқылы сіз аурулардың туындау қаупін азайтып, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғайсыз.