
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді шын жүректен келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Бұл ұлық мереке мейірімділік, ізгілік, бірлік пен рухани тазарудың символы болып табылады. Құрбан айт әр шаңыраққа тыныштық, береке, татулық пен молшылық әкелсін!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында тұрғындарға мал сату, сою және тағам дайындау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз. Бұл тағамнан уланудың, жіті ішек инфекциялары мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Мал сату және сою кезінде: малды сату мен құрбан шалуды тек арнайы белгіленген орындарда жүргізу, жануарларға ветеринариялық құжаттардың болуы, сою орындарында санитариялық талаптарды сақтау: су, кәріз жүйесінің болуы, қалдықтарды уақтылы шығару және жою, қызметкерлердің медициналық кітапшаларының болуын және жеке гигиенаны сақтауын қамтамасыз ету қажет.
Үй жағдайында: қол жууға жағдай жасау, бөлмелерді тұрақты түрде желдетіп отыру, өнімдерді тек қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сенімді орындардан сатып алу, үйде дайындалған консервілерді қолданар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу, тез бұзылатын тағамдарды дайындалғаннан кейін бірден тұтыну және сақтау талаптары бұзылған жағдайда пайдаланбау, инфекциялық және тері ауруларының белгілері бар адамдарды тағам дайындауға жібермеу ұсынылады.
Тамақтану нысандары мен мешіттерде: суық және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету, қол жууға және кептіруге арналған құралдардың болуы, желдету және кондиционерлеу жүйелерінің жарамды жұмыс істеуі, тағам өнімдеріне құжаттардың болуы, санитариялық талаптардың сақталуы, қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы және күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету қажет.
Санитариялық талаптарды сақтамау тағамнан улануға және жұқпалы аурулардың халық арасында таралуына әкелуі мүмкін.