2026 жылы Қазақстанда көкжөтелмен сырқаттанушылық 2,4 есеге төмендеді

2026 жылы Қазақстанда көкжөтелмен сырқаттанушылық 2,4 есеге төмендеді

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда көкжөтелдің 83 жағдайы тіркелді, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,4 есеге төмендегенін көрсетеді.

Комитет вакцинацияның көкжөтелдің алдын алудың және аурудың ауыр асқынуларының, әсіресе ерте жастағы балалар арасында, алдын алудың ең тиімді тәсілі болып қала беретінін еске салады.

Ағымдағы жылдың 4 айында көкжөтелге қарсы жоспарлы вакцинациямен 178,9 мың бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 51,6 мың бала, 1 жастағы 46,7 мың бала және 6 жастағы 80,7 мың бала.

Сонымен қатар, белгіленген мерзімде екпе алмаған балаларды толықтыра иммундау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері екпе алмағандар қатарындағы 18 жасқа дейінгі 64,6 мың бала мен жасөспірім көкжөтелге қарсы вакцинациямен қосымша қамтылды. Жұмыс қолда бар вакциналар көлемін пайдалана отырып жүргізілуде және жалғасатын болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары медицина ұйымдарымен бірлесіп, жұқпалы аурулардың, оның ішінде көкжөтелдің алдын алу, сондай-ақ профилактикалық екпелерді уақытылы алудың маңыздылығы мәселелері бойынша халық арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.