С. Бейсенова Ақтөбедегі санитариялық-эпидемиологиялық объектілердің жұмысымен танысты

С. Бейсенова Ақтөбедегі санитариялық-эпидемиологиялық объектілердің жұмысымен танысты

Ақтөбеге жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы обаға қарсы станция мен Ұлттық сараптама орталығының филиалының қызметімен танысты.

Сапар барысында мекемелер ұжымдарымен, сондай-ақ облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өтті. Талқылаулар аясында алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту және инфрақұрылымды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жазғы маусымға дайындықты күшейту, балалар демалысы нысандарына санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету, тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақтан уланудың алдын алу бойынша тапсырмалар берілді.

Сапар аясында С. Бейсенова Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейіндегі қазақтың Батыр қызының ерлік жолын па ететін құнды жәдігерлермен танысып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың жанқиярлық ерлігі мен ел үшін күрескен батырлардың рухына тағзым етті.

Сапар соңында Сархат Бейсенова Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың санитариялық-карантиндік пунктіне барып, мамандардың жұмысымен және бөлімшенің жабдықталу деңгейімен танысып, олардың қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығының маңыздылығын атап өтті.