
Ақтөбеге жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы Сархат Бейсенова «Бопай Ханым» жоғары медициналық колледжіне барып, оқу орнының қызметімен, білім беру үдерісімен және алдағы даму жоспарларымен танысты.
Қазіргі таңда колледжде «Мейіргер ісі», «Фармация», «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі» және «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандықтары бойынша мамандар даярлануда.
Биыл оқу орнында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласына арналған жаңа бағыт ашылып, осы салаға қажетті мамандар даярлау жоспарланып отыр. Бұл үшін колледж арнайы құрал-жабдықтармен, заманауи аудиториялармен және оқу-әдістемелік базамен толық қамтылған.
Кездесу барысында Комитет төрағасы студенттермен әңгімелесіп, денсаулық сақтау саласына білікті кадрлар даярлау — ел үшін маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар жастарға сапалы білім, кәсіби табыс және оқуда сәттілік тіледі.