Комитет төрағасы Сархат Бейсенова Ақтөбеге жұмыс сапары аясында «Еңбек медицинасы, гигиена және қоғамдық денсаулық сақтау: заманауи сын-қатерлер мен профилактика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция барысында кәсіпорын қызметкерлерінің денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері, қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастырудың заманауи тәсілдері, кәсіптік аурулардың алдын алу және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері құттықтау сөзінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде ғылыми тәсілдің маңыздылығын, профилактикалық шараларды дамытудың және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтудың өзектілігін атап өтті.