Құрметті әріптестер және сала ардагерлері!

Құрметті әріптестер және сала ардагерлері!

Сіздерді 9 Мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке бейбітшілік пен бостандықты қорғап қалған халықтың ерлігі мен батылдығын, табандылығы мен қайсарлығын айшықтайды. Ол бізді Жеңіске жетуге үлес қосқан ардагерлер мен барша жандарға деген терең алғыс сезімімен біріктіреді.

Сынақ жылдарында жанқиярлық пен қызметтік борышына адалдық танытқан жандарды ерекше құрметпен еске аламыз. Олардың ерлігі — нағыз отансүйгіштік пен Отанға қызмет етудің үлгісі.

Соғыс және соғыстан кейінгі ауыр жылдары еңбек еткен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ардагерлері мен мамандарын еске алып, ерекше алғысымызды білдіреміз. Олар санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етіп, қауіпті аурулардың таралуының алдын алып, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға елеулі үлес қосты. Олардың кәсібилігі, іске адалдығы және жоғары жауапкершілгі терең құрметке лайық.

Ұлы Жеңіс туралы естелік бізді бірлікке, жасампаз еңбекке және жаңа жетістіктерге жетелей берсін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз!