
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі таңда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында Ауған соғысына қатысқан азаматтар: Рузметов З.А., Абужанов Б.И., Байлиев А.Т., Калугин И.М., Сүлейманов Ә.О., Абдулгазиев Е.Ш., Абдулдаев Н.К., Худайбергенов Х.М., Мухтаров Р.К. табысты еңбек етуде.
Ауған соғысы жылдарындағы ерліктеріңіз бен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі адал еңбектеріңіз – Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі. Сіздердің табандылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз зор құрметке лайық.
Комитет атынан ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!