
Бүгін Астанада Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу жөніндегі Алқасының мүшесі А.Субботинмен және ЕЭК-тің санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры В.Синкевичпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасында техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері, ЕАЭО кедендік шекарасының санитариялық қорғанысы, сондай-ақ өнімнің сәйкестігін растау рәсімдеріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ЕЭК байқаушы мәртебесінде қатысатын «Кодекс Алиментариус» комиссиясымен өзара іс-қимыл қарастырылды.
Жалпы алғанда, кездесу сындарлы сипатта өтті: тараптар техникалық реттеу бойынша ортақ тәсілдерді талқылап, ЕАЭО шеңберінде келісілген саясатты іске асыру бойынша алдағы қадамдарды белгіледі.