
Қазіргі нарықта парфюмерлік-косметикалық өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. Осыған байланысты қауіпсіз және сапалы құралдарды таңдау ерекше маңызға ие.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін немесе сатылатын барлық парфюмерлік-косметикалық өнімдер, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға арналған тауарлар «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР ТС 009/2011) талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Косметика мен парфюмерияны таңдау бойынша ұсынымдар:
Комитет интернет-дүкендерден, сондай-ақ өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ сауда орындарынан косметикалық өнімдерді сатып алуды ұсынбайды.