
Маңғыстау облысына жалғасқан жұмыс сапарының екінші күні аясында Комитет төрағасы С.Бейсенова Маңғыстау обаға қарсы станциясының және Ұлттық сараптама орталығы филиалының қызметімен танысты.
Аталған ұйымдардың ұжымдарымен, сондай-ақ Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өтті. Кездесулер барысында 2025 жылғы және 2026 жылдың ағымдағы кезеңіндегі жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту және инфрақұрылымды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Негізгі бағыттардың қатарында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасы, туберкулезбен және басқа да аса қауіпті инфекциялармен сырқаттанушылықты бақылау атап өтілді. Жазғы маусымға дайындықты күшейту, балалар демалысы нысандарына қадағалауды қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру және тағамнан уланудың алдын алу бойынша тапсырмалар берілді.
Сапардың қорытындысы ретінде С.Бейсенова Ақтау халықаралық әуежайы санитариялық-карантиндік пунктіне барып, мамандардың жұмысымен және бөлімшенің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейімен танысты.
Ол әуежайдың мүдделі қызметтері арасында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға және Мемлекеттік шекараны санитариялық қорғауға дайындық бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін атап өтті.