Мемлекеттік шекарадағы санитариялық қауіпсіздік туралы: Маңғыстау облысына жұмыс сапары

Мемлекеттік шекарадағы санитариялық қауіпсіздік туралы: Маңғыстау облысына жұмыс сапары

Бүгін жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы Сархат Бейсенова Маңғыстау облысындағы «Ақтау» және «Құрық» теңіз порттарындағы санитариялық-карантиндік пункттерге барды. Сапардың мақсаты — Халықаралық медициналық-санитариялық ережелердің (2005 ж.) талаптарына сәйкес халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық деңгейін бағалау.

Сапар барысында Комитет басшысы санитариялық-карантиндік бақылаудың күнделікті қызметімен, сондай-ақ ықтимал санитариялық-эпидемиологиялық қатерлерге жедел әрекет етуге дайындық бөлігінде теңіз порттары қызметтері мен инфрақұрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

Сондай-ақ «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ және «Құрық теңіз порты» ЖШС басшылығымен жұмыс кездесулері өтті. Талқылау барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-әрекеттерді үйлестіру, сондай-ақ нысандар мен үй-жайлардың ҚР заңнамасы талаптарына сәйкестігі қаралды.

Жұмыс сапары бірінші күнінің қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пен теңіз порттары қызметтерінің тиімді өзара іс-қимылы халықаралық қауіп төндіретін инфекциялық аурулардың әкелінуінің алдын алуда және ел халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде негізгі фактор болып табылатыны атап өтілді.