
Қазақстан Республикасының Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.
Профилактикалық шаралардың нәтижесінде республикада оба, дифтерия, полиомиелит, тырысқақ және іш сүзегі сияқты 19 инфекция тіркелген жоқ. 37 инфекция бойынша аурушаңдықтың төмендеуі байқалды: көкжөтел — 7,8 есе, қызылша — 6,8 есе, А гепатиті — 2,5 есе, КВИ — 2,2 есе, жедел ішек инфекциялары — 6%-ға төмендеді.
ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталғалы бері аурушаңдық 13%-ға азайды. Тұмаудың 3 027 жағдайы тіркелді, 2,27 млн-нан астам адам (халықтың 11,13%-ы) егілді. Жыл басынан бері COVID-19 инфекциясының 6 жағдайы анықталды — бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,3 есе аз; ауру көбіне жеңіл түрде өтуде.
2025 жылы туберкулезбен сырқаттанушылық 11%-ға, оның ішінде тыныс алу ағзаларының туберкулезі 10%-ға төмендеді.
Жыл басынан бері қызылшаның 3 343 жағдайы тіркелді, өсім 9 өңірде байқалды. Ауырғандардың 78%-ы — екпе алмағандар. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында 2026 жылғы 19 ақпандағы №3 қаулы қабылданып, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундауды кеңейту, соның ішінде балалар мен 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін қосымша вакцинациялау көзделді.
Қабылданған шаралар елде қызылшаның одан әрі таралуының алдын алуға бағытталған.