Астанада Ұлттық сараптама орталығы жұмысының қорытындылары талқыланды

Астанада Ұлттық сараптама орталығы жұмысының қорытындылары талқыланды

Елордада Ұлттық сараптама орталығы Директоратының отырысы өтті. Жиын Комитет басшысы Сархат Бейсенованың төрағалығымен өтті.

Отырыс барысында 2025 жылға арналған стратегиялық іс-шараларды іске асыру қорытындылары, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың өзекті мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге Орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша басым міндеттер қаралды.

Қатысушылар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ағымдағы жағдайды талдап, одан әрі дамытуға бағытталған нақты қадамдарды айқындады. Негізгі бағыттар ретінде мыналар белгіленді: зертханалық жабдықтар мен инфрақұрылымды жаңғырту, зертханалық зерттеулердің сапасы мен сенімділігін арттыру, жұмыс әдістемелері мен стандарттарын жетілдіру, зертханаралық салыстырмалы сынақтар жүргізу, мамандардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру.

Директорат отырысы Ұлттық сараптама орталығының елдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіндегі ұстанымын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға және зертханалық зерттеулердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бағытын растады.