Комитетте халықаралық стандарттарға сәйкес электрондық «Теңіздегі бірыңғай терезе» құру мәселесі талқыланды

Комитетте халықаралық стандарттарға сәйкес электрондық «Теңіздегі бірыңғай терезе» құру мәселесі талқыланды

Бүгін Комитет төрағасының орынбасары Н.Сәдуақасовтың, сондай-ақ Жұмыс тобы мүшелерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің өкілдері мен FAL конвенциясы (Халықаралық теңіз қатынасын жеңілдету туралы конвенция) бойынша халықаралық сарапшының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар теңіз порттарында кемелердің кіруін, шығуын және тұрақтауын ресімдеу кезінде ақпарат алмасудың электрондық нысанын көздейтін электрондық «Теңіздегі бірыңғай терезе» құру жөніндегі техникалық тапсырма жобасын талқылады.

Жобаны іске асыру 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу жолдары» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.

Кездесу қатысушылары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес Комитет тарапынан халықаралық рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдерін оңайлату мәселелеріне ерекше назар аударды.

Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар халықаралық міндеттемелер мен әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, халықаралық рұқсат беру құжаттарын электрондық форматқа көшіру рәсімдерін жан-жақты пысықтау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.