Қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес

Қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес

2026 жылғы 30 қаңтарда Комитетте қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Комитеттің, сондай-ақ аумақтық департаменттердің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

Кеңес барысында 2025 жылы денсаулық сақтау жүйесінде орын алған қызметтік әдеп нормаларын бұзу және тәртіптік теріс қылықтар бойынша қорытындылар, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспары жеке талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша өңірлік әдеп жөніндегі уәкілдерге қызметтік әдеп нормалары мен белгіленген шектеулердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды жандандыру тапсырылды.