
Кадрлық әлеует
«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша гранттар саны 100-ден 150-ге дейін, ал жоғары оқу орындарының саны 3-тен 8-ге дейін ұлғайтылды. Алғаш рет Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні кәсіби мереке ретінде бекітілді, бұл мамандықтың беделін арттыруға ықпал етеді.
Инфрақұрылым
2025 жылы Қызметтің төрт нысанында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұлттық сараптама орталығының 26 бөлімшесінде жөндеу және жаңғырту жүргізіліп, 23 автокөлік пен 376 бірлік жабдық сатып алынды. Инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары 2026 жылы да жалғасады.
Цифрландыру
Цифрландыру шеңберінде «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін пилоттық енгізу басталды. Аталған жүйеге 102 мыңнан астам пайдаланушы және 174 мыңнан астам нысан қосылған. Азаматтар үшін электрондық медициналық кітапша енгізілді — шамамен 1,5 млн дана берілді. «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, вакциналардың температуралық режимін онлайн мониторингілеуге арналған 60-тан астам датчик орнату арқылы суық тізбекті автоматтандыру жүзеге асырылуда. Вакцинация бойынша есептілікті цифрландыру (№3 және №4 нысандар) аяқталды, 2026 жылдан бастап есептер «Вакцинация» ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылатын болады. Сонымен қатар, ББҚ-ны (биологиялық белсенді қоспаларды) таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, оған 17 кәсіпкерлік субъектісі қатысуда.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
2025 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ақпараттық жұмыс барлық негізгі медиаарналарды қамтыды. Жалпы медиакеңістікте 45 815 материал орналастырылды. 223 брифинг өткізілді, 1,3 мыңнан астам сұқбат ұйымдастырылды, 2,3 мыңнан астам мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерде де белсенді жұмыс жүргізілді — 1 069 бейнеролик іске қосылып, 1 969 тікелей эфир өткізілді. Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ресми интернет-ресурстарында шамамен 39 мың материал жарияланды. Жалпы алғанда, саланы ақпараттық сүйемелдеу жоғары медиалық белсенділікпен сипатталады.