Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қалай алуға болады?

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Keden» ақпараттық жүйесі (https://keden.kgd.gov.kz) арқылы өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген Өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес көрсетіледі (https://zan.gov.kz/client/#!/doc/151152/rus/3422).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі — 13 жұмыс күні. Қызмет тегін негізде көрсетіледі.

Мыналарға қатысты мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • ЕАЭО-ның кедендік аумағында өндірілген өнімдер;
  • ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерде өндірілген өнімдер;
  • сондай-ақ парфюмериялық-косметикалық өнімдер мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/151152/rus/3422

Жұмыс кестесі:

  • қызмет көрсетуші — дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін), демалыс және мереке күндерін қоспағанда;
  • «Keden» порталы — тәулік бойы (техникалық үзілістерді қоспағанда).

Жұмыс уақытынан тыс берілген өтініштер келесі жұмыс күні қаралады.