«Kinder» өніміне қатысты ескірген ақпарат туралы

«Kinder» өніміне қатысты ескірген ақпарат туралы

Әлеуметтік желілерде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат таралуда.

Бұл мәліметтердің ескірген және 2016 жылға қатысты екендігін хабарлаймыз.

Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заңбұзушылық фактілері расталмаған.

Қазіргі уақытта бұл өнімге қатысты халықтан шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ.

Тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенулеріңізді сұраймыз.