
Бүгін Комитетте еліміздің әрбір азаматы үшін ерекше тарихи мәні бар, ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Комитет басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ онлайн форматта аумақтық департаменттер, обаға қарсы станциялар, Ұлттық сараптама орталығы және оның филиалдары қатысты.
Құттықтау сөзімен Комитет төрағасының орынбасары Роза Қожапова сөз сөйлеп, Тәуелсіздік күнінің мемлекеттің егемендігі, бірлігі мен тұрақты дамуының символы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде тәуелсіздік жылдарында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жұқпалы аурулардың алдын алуға, сондай-ақ эпидемиологиялық қатерлердің алдын алу мен оларға жедел ден қоюға елеулі үлес қосқанын айтты.
Іс-шара соңында ұлт денсаулығын нығайту мен тәуелсіз Қазақстанды дамыту жолындағы жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және адал еңбегі үшін қызметкерлерге арналған жылы лебіздер, алғыс пен ризашылық сөздері айтылды.
Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс, бейбітшілік, тұрақтылық пен туған Отанымыздың игілігі жолындағы өркендеу тілейміз!