
Женеваға сапар аясында Қазақстан Республикасының делегациясы, оның құрамына ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова, сондай-ақ Денсаулық сақтау, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысты.
Қазақстан тарапы бірқатар негізгі бастамаларды ұсынып, соның ішінде жаһандық биологиялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға бағытталған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы ұсынысты ілгерілетті. Сонымен қатар, мамандандырылған сайд-ивент барысында ғылыми дипломатия және биологиялық тәуекелдерді басқару мәселелері талқыланды.