10 айдағы өнімді бақылау мақсатнда сатып алу

10 айдағы өнімді бақылау мақсатнда сатып алу

Биыл 10 айда өнімді бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 25185 сынама зерттелді, оның ішінде тамақ өнімі – 16181 (оның 12,4%-ы талаптарға сай келмейді), азық-түлік емес өнім – 9004 (оның 47,4%-ы талаптарға сәйкес келмеді).

Негізгі бұзушылықтар: 93,8% - тауарларды таңбалаудың сәйкес келмеуі, 2,2% - микробиологиялық көрсеткіштерге, 1,7% - физико-химиялық көрсеткіштерге, 0,8% - органолептикалық көрсеткіштерге, 0,8% - токсикологиялық көрсеткіштерге, 0,7% - физикалық факторлар көрсеткіштеріне сәйкес келмеді.

Бұзушылық фактілері бойынша сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) сатудан алып қою және кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы 1354 қаулы қабылданды. 10 тоннадан астам талаптарға сәйкес келмейтін өнім сатылымнан алынды.

Дүкендерде өнімді таңдау кезінде, ең алдымен, тауардың таңбалануын зерделеу қажет, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған тауардың атауы, шығарылған күні, сақтау шарттары мен мерзімдері, құрамы, тағамдық қасиеттері, ерекшеліктері, өндіріс және өндірушіның орны туралы ақпарат көрсетілуі керек.

Өнімнің ЕАС белгісімен таңбалануы тауардың сертификаттаудан немесе сәйкестікті декларациялаудан өткенін, сондай-ақ ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растаған барлық қажетті зертханалық сынақтардан өткенін куәландырады.

Сіздің сатушыдан сәйкестік туралы декларация, сәйкестік сертификаты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік сияқты тауардың сәйкестігін растайтын құжаттарды (СРҚ) талап етуге құқығыңыз бар.