
Тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – бұл табиғи және (немесе) табиғи биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ тағаммен бірге тұтынуға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған пробиотикалық микроорганизмдер. ББҚ қауіпсіздігі мен таңбалануына қойылатын талаптар Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" және "Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде" техникалық регламенттерінде белгіленген. ББҚ мамандандырылған тамақ өнімдеріне кіргендіктен мемлекеттік тіркеуге жатады. Олардың айналымына техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі расталғаннан және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілгеннен кейін ғана жол беріледі.
ББҚ айналымына мемлекеттік бақылау санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізе отырып, бақылау сатып алу шеңберінде жүзеге асырылады. Бұзушылықтар анықталған кезде өнімді алып қоюды және кері қайтарып алуды қоса алғанда, ден қою шаралары қабылданады. Ағымдағы жылы 201 ББҚ сынамасы зерттелді, оның ішінде 40 (20%), оның ішінде таңбалау бойынша – 80%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 20% сәйкес емес деп танылды.
2023 жылдан бастап профилактикалық бақылау нысандарға бармай-ақ – БАҚ пен интернеттегі ББҚ жарнамасын бақылау арқылы жұмыс істейді. 2025 жылдың 9 айында 3448 жарнама таратушы, оның ішінде 3181 интернет-ресурс тексерілді. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліксіз (МТК) ББҚ-ны іске асыратын 838 бейінде бұзушылықтар анықталды. Нәтижелері бойынша заңсыз жарнаманы жою туралы 358 хат жіберілді. Жыл қорытындысы бойынша "Meta" компаниясы Instagram-ның 9 парақшасын жойды.
ББҚ өндірушілерінің, импорттаушыларының және бөлшек саудагерлерінің қызметін реттеу және тұтыну нарығындағы контрафактілік ББҚ санын азайту, олардың нарықтағы айналымының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитет сәйкестендіру құралдарымен ББҚ таңбалау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.
Комитет ББҚны тек дәріханаларда және мамандандырылған дүкендерде ғана МТКны талап ете отырып сатып алуға кеңес береді. Растайтын құжаттарсыз ББҚны сатып алу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.