Қымбатты достар, әріптестер!

Қымбатты достар, әріптестер!

        Сіздерді еліміздің Республика күні мерекесімен құттықтаймыз!
25 қазан еліміздің тарихында ерекше орын алады. Дәл осы күні 1990 жылы тәуелсіз мемлекет құруға негіз болған Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Құжатта алғаш рет аумақтың бөлінбейтіндігі мен тұтастығы, халықтың мәдениеті мен тілін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары жарияланды.
        Республика күні – бірлікке, өркендеу мен жасампаздыққа деген ұмтылыстың символы. Біз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолындағы күнделікті жұмысымызды жасай отырып, мемлекеттің жалпы ісіне өз үлесімізді қосуды жалғастырамыз.
Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім тілейміз. Әрқайсыңыздың үйлеріңізде жылу, тұрақтылық пен әл-ауқат орнасын!