Санэпидқызметтің 180-нен астам қызметкері Республика күніне орай марапатталды

Санэпидқызметтің 180-нен астам қызметкері Республика күніне орай марапатталды

        Республика күні қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты рәсім аясында халықтың денсаулығын қорғауға және елдің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан 180-нен астам санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары ведомстволық наградаларға ие болды.
          Марапатталғандардың арасында "Еңбек ардагері" медалінің, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерінің, сондай-ақ Министрдің және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарының иегерлері бар.
Азаматтардың денсаулығын қорғауда және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда шешуші рөл атқаратын санэпидқызмет қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігі атап өтілді. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.