СЖТІТ – жемқорлық көріністерінің алдын алу

СЖТІТ – жемқорлық көріністерінің алдын алу

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Комитет мемлекеттік (азаматтық) қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, ескерту және жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметіндегі сыбайлас жемқорлық және өзге де тәуекелдерді анықтау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізілді, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

СЖТІТ барысында бірқатар құқық бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Әрбір жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданып, олардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайлар айқындалып жойылды. Сондай-ақ аталған жағдайлардың қайталануына жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық шаралары қабылданды. Жыл басынан бері 4 лауазымды тұлға айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

«Битрикс24» жүйесінде құжаттардың уақытылы жүктелуі қамтамасыз етілді, тапсырмалардың орындалуы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылау жүргізілуде, бұл өз кезегінде жұмыс тиімділігіне және есептіліктің ашықтығына оң әсерін тигізуде.

Комитет СЖТІТ шенберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жол бермеу мақсатында тұрақты негізде бақылау жүргізуде, соның ішінде аумақтық және бағынысты бөлімшелер қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына тексерулер жүргізіледі.

СЖТІТ нәтижелері бойынша СЖТІТ жүргізудің үлгілік қағидалары талаптарына сәйкес ұсынымдар берілді.