Санитариялық-эпидемиологиялық кеңес пленумының шешімі (1939 ж. 1 қараша)

Санитариялық-эпидемиологиялық кеңес пленумының шешімі (1939 ж. 1 қараша)

       1937 жылдан 1941 жылға дейінгі кезеңде аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар құрамындағы зертханалар желісі кеңейтілді. 40-шы жылдардың басына қарай республикада 32 санитариялық-бактериологиялық зертхана жұмыс істеді. Санитариялық-эпидемиологиялық кеңес пленумының 1939 жылғы 1 қарашадағы шешімімен санитариялық-бактериологиялық зертханалар құрамынан клиникалық бөлімдер шығарылып, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы зерттеулер кеңейтілді.