Электромагниттік өрістер адамның қазіргі қоршаған ортасының ажырамас бөлігі болып табылады. Радиожиілікті электромагниттік өрістер денсаулық пен қоршаған ортаны ластаушылар ретінде жиі анықталады. Қазіргі уақытта ұялы байланыстың қарқынды дамуына байланысты, ұялы телефондардың және басқа да электрондық құрылғылардың қолданылуымен адамдардың өмір сүру ортасы электромагниттік өрістер көздерімен айтарлықтай қамтылған.
Басқаша айтқанда, барлық тұрғын аудандардың 90% астам бөлігі бір немесе бірнеше оператордың сымсыз желісімен қамтылғандығы және әр отбасында жаһандық желіге шығу мүмкіндігі бар кемінде бір ұялы телефон бар екендігі еш күмән тудырмайды.
Ұялы байланыс пайдаланушылары санының шексіз өсуі сәулеленудің тікелей көзі болып табылатын станциялардың ұлғаюына әкеледі. Бүгінгі күні ұялы телефонның адам денсаулығына тигізер әсері өзекті мәселе болып отыр.
Қазіргі уақытта елімізде халықты электромагниттік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу ерекше маңызға ие, онда адамға әсер ететін физикалық факторларды реттейтін халыққа арналған гигиеналық нормативтер (ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) көзделген.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 95-бабына сәйкес гигиеналық нормативтер зиянды заттардың (химиялық, биологиялық), физикалық және радиациялық әсердің қауіпсіз деңгейлерін белгілейді, оларды сақтау адамға өмір сүруге қолайлы және денсаулығына қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етеді.
Электромагниттік сәулеленудің нормативтік деңгейлерден асып кетуі жағдайында адамдарда әртүрлі аурулардың пайда болуы, соның ішінде иммундық және эндокриндік жүйелердің әлсіреуі, психоэмоционалдық бұзылыстардың пайда болуы орын алуы мүмкін.
Жұқпасы емес аурулардың алдын алу мақсатында халыққа мыналар ұсынылады:
- ұялы телефондарды, компьютерлер мен ноутбуктерді пайдалануды мүмкіндігінше шектеу;
- электромагниттік сәулелену көздерінің жанында ұзақ уақыт болмау.