«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 19, 20, 37, 46-баптарының нормалары Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектілерге және радиотехникалық объектілердін, оның ішінде ұялы байланыс антенналарын орналастыру жобалық құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) беру өкілеттіктерін қарастырады.
Радиотехникалық объектілерге қойылатын талаптарды регламенттейтін негізгі нормативтік құжат – «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (ҚР ДСМ 2022 жылғы 28 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы).
Аумақтық бөлімшеде СЭҚ алу үшін жоспарланып отырған радиотехникалық объектілерді орналастыру жобалық құжаттамасы ұсынылады.
Жобалық құжаттамада объектіде орналасқан басқа операторлардың антенналарын ескере отырып, барлық тараптан шығаратын антенналардың жалпы электромагниттік сәулеленуінің есептеулері ұсынылады. Жобаның толықтығы, дұрыстығы және сапасы үшін тапсырыс беруші және жобалық құжаттаманы әзірлеуші жауапты.
Жобалық құжаттамаға СЭҚ алғаннан кейін радиотехникалық объектілердің иелері жабдықты орнатады.
Радиотехникалық объектіні құрылыс (тұрғын) аймағында орналастыру жағдайында объектінің иесі аумақтық бөлімшеде екінші санаттағы рұқсат – жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектіге СЭҚ алуға міндетті, радиотехникалық объектіні құрылыс (тұрғын) аймағының шегінен тыс орналастыру жағдайында – аумақтық бөлімшеге қызметін бастау туралы хабарлама жолдауға міндетті.
Екінші санаттағы рұқсат алғаннан кейін иесі радиотехникалық объектіні пайдалануға кірісе алады.