2025-2026 жылдардың жаңа эпидемиялық маусымына дайындық жөнінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданды

2025-2026 жылдардың жаңа эпидемиялық маусымына дайындық жөнінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданды

Қаулы 2025–2026 жылдардағы ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді көздейді, оның ішінде:

ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;

медициналық ұйымдарда кіре берісте «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;

ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйде шақыруға бірінші кезекте қызмет көрсету;

мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;

орта білім беру ұйымдарында:

бір сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы бір инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, жалпы білім беретін ұйымдарда кабинеттік оқыту жүйесі жойылады және күнтізбелік 10 күн ішінде жаңа балаларды сыныптарға қабылдауға тыйым салынады;

бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың жалпы санының 30%-ы және одан көбі ЖРВИ-мен ауырған жағдайда, оқушыларды онлайн оқытуға көшіру жүзеге асырылады.

Осы қаулының толық мәтінімен Комитеттің сайтында танысуға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/887703?lang=kk