Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, Комитет іштегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Жыл басынан бері COVID-19-дың 859 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 2 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп, пациенттер негізінен амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.
Қазақстанда вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.
SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымына соңғы мониторинг деректері бойынша республикада Омикрон қосалқы нұсқаларының айналымы белгіленді: XFG.3 – 83,3%, XFG.3.3.1 — 5,6%, XFG.3.4.3 — 5,6%, XFG.2 — 5,6%.
ДДҰ-ның ресми жарияланымдарына сәйкес, XFG желісінің айналымы өзге айналымдағы Омикрон ұрпақтарымен салыстырғанда халықтың денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді.